29 ақпан 2024 17:16

ҰҚК: Қазақстан шекара бекеттерінің жұмыс режимін өзгертеді

Фото:gov.kz

Қазақстанда шекара бекеттерінің жұмыс уақыты өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда шекара бекеттерінің жұмыс уақыты өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан өтетін адамдарға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ҰҚК Шекара қызметі келесі автомобильдік өткізу пунктерінің жұмыс регламентіне өзгерістер енгізді:

Ресей Федерациясымен:

Реклама
Реклама
  • "Найза", Павлодар облысы
  • "Қоянбай", Абай облысы
  • "Байтанат", Абай облысы

Қытай Халық Республикасымен:

  • "Нұр Жолы", Жетісу облысы
  • "Достық", Жетісу облысы
  • "Қолжат", Алматы облысы
  • "Бақты", Шығыс Қазақстан облысы
  • "Майқапшағай", Шығыс Қазақстан облысы

Қырғыз Республикасымен:

  • "Кеген", Алматы облысы.

"2024 жылғы 1 наурыздан бастап көрсетілген өткізу пункттері сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Өзгерістер Үкіметтің 23.11.2000 жылғы № 1749 қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00.00-ден бастап елдің барлық аумағында бірыңғай сағаттық белдеудің белгіленуіне байланысты енгізілді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram