14 маусым 2023 | 18:12

ҰҚК Қазақстан шекараларында көліктер неге жиналғанын түсіндірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
elements.envato.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан шекараларында көліктер неге жиналғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан шекараларында көліктер неге жиналғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰҚК мәліметінше, Қазақстан-Ресей шекарасының кейбір учаскелерінде ("Қайрақ" - "Бугристое", "Сырым" - "Маштаково" өткізу пункттері), қазақ-қырғыз шекарасында ("Қарасу" - "Ақ-Тілек" өткізу пункттері) және Қазақстан-Өзбекстан шекарасында ("Жібек жолы" - "Гишт-Көприк", "Қазығұрт" - "Ташкент", "Атамекен" - "Гүлістан" өткізу пункттері) халық пен көліктер жиналғаны байқалған.

"Негізгі себептер: осы бағыттардағы өткізу пункттерінің кейбірінде реконструкция жүргізілуі, жеміс-жидек пен көкөністерді тасымалдау кезіндегі жүк тасымалының маусымдық кезеңі болуы, көлік ұйымдарының транзиттік әлеуетінің артуы, туристік маусымда жолаушылардың көбеюі.

ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық бақылау-өткізу бекеттері тәулік бойы жұмыс істейтінін хабарлайды. Шекарадан өтетін көліктерді және адамдардың құжаттарын тексерудің заманауи және автоматтандырылған жүйелерін қолдану арқылы халық пен көліктердің жиналуын азайту шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная