22 тамыз 2023 | 18:01

ҰҚК Қазақстан шекарасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді

ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекарадағы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекарадағы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі шекаралық аймақта, сонымен қатар шекаралық өткізу пункттерінде құқыққа қайшы іс-әрекетке қарсы іс-қимыл бойынша шаралар кешенін іске асырып жатқаны айтылды.

Реклама
Реклама

"Сонымен бірге, қандай да бір шектеулер енгізілмеді, өткізу пункттері, оның ішінде қазақ-қырғыз шекара учаскесі штаттық режимде жұмыс жасаып жатыр. Тексеру уақытының регламенттік нормативтері қатаң сақталып, автокөлік құралдарын өткізу деңгейі қазіргі маусымға тән күнделікті көрсеткіштер аясында", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанмен шекарада Қырғызстаннан келетін жүк көліктердің өтуінде қиындықтар туындағаны туралы хабарланған болатын. 24.kg мәліметінше, проблемалар 20 тамызда туындаған. Жүргізушілердің айтуынша, бір тәулікте шекарадан небәрі 12 көлік өткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная