ҰҚК Қазақстан шекарасындағы “көмекшілер“ тобын жойды

ҰҚК Қазақстан шекарасындағы “көмекшілер“ тобын жойды Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысында қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысында қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Арнайы операция 12 маусымда полициямен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен өтті. Тергеу мәліметтері бойынша, топ мүшелері шекарадан өту кезінде кедендік рәсімдерді жеделдеткені үшін ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне заңсыз делдалдық қызмет көрсетуді ұйымдастырды деп күдіктелген.

Жинақталған материалдар негізінде 17 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, олардың бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жарнама
Жарнама

Тінту кезінде 5 атыс және пневматикалық қару, ірі көлемде ақшалай қаражат, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама