ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 сәуір 2023 11:54
ҰҚК қазақстандықтардың Украинадағы әскери қақтығысқа қатысу дерегін тергеп жатыр
Қазақстанның ҰҚК Украинадағы әскери қақтығысқа қазақстандықтардың қатысу дерегін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады.
"ҚР ҰҚК Қазақстан азаматтарының Украина аумағындағы соғыс қимылдарына қатысу фактілері бойынша он қылмыстық істі тергеп жатыр", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Ведомство қазақтардың қай тарапқа қатысы барын нақтыламады.
"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу