ПОДЕЛИТЬСЯ
05 сәуір 2024 | 11:55
ҰҚК қазақстандықтарға алаяқтық әрекеттер туралы ескертті
Қазіргі уақытта өздерін ҰҚК қызметкерлері ретінде таныстыратын телефон алаяқтары жиілеп кетті. Бұл туралы ҰҚК мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қаскүнемдер мақсаты негізінен ақшаны заңсыз иелену болып табылатын қаржылық операцияларды жүргізуге, азаматтардан көмек сұрайды.
ҰҚК қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау шеңберінде азаматтарға кредит ресімдеуді, ақша қаражатын аударуды және өзге де қаржы операцияларын жасауды ұсынуға өкілеті жоқ екенін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
ҰҚК күдікті телефон қоңыраулары мен хабарламалар келіп түскен кезде полиция органдарына жүгінуді ұсынады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также