ҰҚК Қазақстанның бірнеше өңірінде арнайы операция жүргізді

Фото:gov.kz

Терроризмге қарсы іс-қимыл шеңберінде шілде-тамызда ҰҚК полиция органдарының көмегімен және прокуратураның үйлестіруімен Астана , Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында бірқатар іс-шара өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Терроризмге қарсы іс-қимыл шеңберінде шілде-тамызда ҰҚК полиция органдарының көмегімен және прокуратураның үйлестіруімен Астана , Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында бірқатар іс-шара өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нәтижесінде Қазақстанның 5 азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған.

"Тергеу нұсқасы бойынша, олар террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында терроризмді насихаттауға, діни алауыздықты қоздыруға және адамдарды тартуға қатысқан.

Тұрғылықты жерлерін тінту кезінде қару-жарақ, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Реклама
Реклама

Айта кету керек, күдіктілердің екеуі адам өлтіру, тонау және бұзақылық үшін соттылы болған. Тағы біреуі бұрын лаңкестердің шетелдік лагерьлерінде дайындықтан өтіп, шет мемлекет аумағында қарулы қақтығыстарға қатысқан.

Қылмыстық кодекстің 174, 256, 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама