ПОДЕЛИТЬСЯ
29 желтоқсан 2022 | 13:36
ҰҚК колонияда терроризмді насихаттаған сотталушы туралы айтты
Ұлттық қауіпсіздік комитеті колонияда терроризмді насихаттаумен айналысқан ер адамға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру дерегі бойынша Е. есімді ер адамға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
2022 жылғы 28 желтоқсанда Ақтөбе қаласының №2 соты бұл адамды ҚР ҚК 174-бабы және 256-бабы 2-тармағы бойынша кінәлі деп тауып 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Айыпталушы 2015 жылдан бері экстремистік қылмысы үшін жазасын өтеп келген. Осы уақытқа дейін радикалды идеологияны ұстанып, оны түзеу мекемесіндегі сотталғандар арасында насихаттаған.
Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также