26 маусым 2024 | 09:43

ҰҚК құны 17 миллиард теңге болатын есірткі заттарын тәркіледі

Фото: ҰҚК

ҰҚК есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша 96 операция, оның ішінде 23-ін шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҰҚК есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша 96 операция, оның ішінде 23-ін шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорытындысы бойынша, 24 халықаралық және 17 аймақтық есірткі жеткізу арналары, сондай-ақ 16 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылған. Заңсыз айналымнан 1.3 тоннадан астам есірткі құралдары мен психотроптық заттар, 4.6 тонна көкнәр сабанының шикізаты және синтетикалық есірткі жасау үшін пайдаланылатын 13.6 тонна химиялық реагенттер алынғаны айтылды.

"Қара нарықта" алынған есірткінің құны шамамен 17 миллиард теңгеге бағаланады, ал айналымға жіберілген көлем шамамен 5 миллион бір реттік дозаны құрайды.

ҰҚК деректері бойынша Қазақстанның 54 азаматы мен шетелдіктерге қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, ҰҚК Шекара қызметі халықаралық қатынас жолдарында есірткі құралдарын тасымалдаудың 200-ден астам әрекетінің жолын кесті. Заңсыз айналымнан 790 келіден астам есірткі және психотроптық заттар алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная