08 қазан 2024 | 08:35

“ҰҚК қызметкері“ ақтөбелік әйелді 5,9 миллион теңгеге алдап кеткен

©️ depositphotos.com

"ҰҚК қызметкері" ақтөбелік әйелді 5,9 миллион теңгеге алдап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"ҰҚК қызметкері" ақтөбелік әйелді 5,9 миллион теңгеге алдап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

​Ақтөбе тұрғыны Whatsapp месенжері арқылы танысынан хабарлама алған. Хабарламада күмәнді операцияларға байланысты, оның шотына тексеру жүріп жатқаны және оған ҰҚК-дан қоңырау шалатыны ескертілген.

​"Біраз уақыттан кейін оған өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырған адам қоңырау шалған. Ол арнайы операция жүргізіліп жатқанын және қылмыскерлерді ұстау үшін өз атына несие рәсімдеп, ақшаны қауіпсіз шотқа салу керек екенін айтқан. Жәбірленуші қоңырау шалушының барлық шартын орындап, несие ресімдеген және ұсынылған шоттарға шамамен 6 миллион теңге аударған. Кейінірек ол алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінді", - делінген хабарламада. ​

Реклама
Реклама

Полиция департаменті қызметтік міндеттерін атқару кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің азаматтарға қандай да бір қаржылық операциялар жүргізуді ұсынуға өкілеттігі жоқ екенін еске салды. ​

"Егер сіз немесе сіздің таныстарыңыз осындай жағдайға тап болса, сөйлесуді/хат алмасуды дереу тоқтатып, 102 телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная