07 маусым 2024 | 11:59

"ҰҚК қызметкерімін": әйел пара беруге итермелегені үшін ұсталды

видео кадры

Қазақстандық әйел пара беруге итермелегені үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық әйел пара беруге итермелегені үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ҚМА мәліметінше, Түркістан облысында тексеріс шараларын тоқтатуға уәде берген әйел 6 миллион теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды.

"Ол өзін ҚР ҰҚК қызметкері ретінде таныстырған және ЭТТД мен ҰҚКД тарапынан тексеру іс-шараларын тоқтату сылтауымен пара беруге итермеледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

ҚМА Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруі және ҰҚКД-мен бірлесіп жүргізген ұстау іс-шарасы барысында, келісілген ақшалай сыйақы сомасы 12 миллион теңге болғаны белгілі болды. Күдікті ақшаның жартысын алу кезде ұсталған.

Бұл факт бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жарияланбайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная