ҰҚК Қызылорда облысында шенеунікті ұстады

Дина Шарипханова Корреспондент

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен ҚР Энергетика министрлігінің энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол жер қойнауын пайдаланушылардан жүйелі түрде материалдық пайда алуға мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастырды деп күдікке ілінген", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта осы адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) және 364-бабы 1-бөлігі (Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама

Қамауда ұстау бұлтартпау шарасы ретінде тағайындалды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге ақпараттары жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама