ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қазан 2019 | 10:37
ҰҚК: Қызылорда облысында уран концентратын сатпақшы болғандар ұсталды
2019 жылдың 23 қазанында ҚР ҰҚК қызметкерлері Қызылорда облысы аумағында 240 келі уран концентратын сату әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткізілген арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топтың 4 мүшесі қылмыс үстінде ұсталып, оларға Қылмыстық Кодекстің 283 бабының 2 бөлігі бойынша "радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу" күдік келтірілді.
Ядролық физика институты мамандарының қорытындысы бойынша алынған уран концентраты қауіпті радиоактивті зат болып табылады. Көрсетілген заттың сәулелену деңгейі рұқсат етілген көрсеткіштен бірнеше есе артық және қоршаған орта мен халық денсаулығына қатерлі қауіп төндіреді (радиологиялық және токсикологиялық зардаптар).
Тергеу мәліметтері бойынша радиоактивті зат қылмыстық топ өкілдерімен ванадий кен орнын игеретін кәсіпорыннан ұрланған. Басқа ақпарат сотқа дейінгі тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Показать комментарии
Читайте также