10 қаңтар 2025 | 12:41

ҰҚК ІІМ жоғары лауазымды қызметкерін ұстады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының (ӘТБ) бастығы пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қылмыстық іс бойынша ақпаратты ҰҚК растады.

Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының (ӘТБ) бастығы пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қылмыстық іс бойынша ақпаратты ҰҚК растады.

Бұған дейін БАҚ-та Ақтауда ІІМ-нің Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының бастығы мен оның қоластындағы қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Оларды "қылмыстық іс бойынша оң шешім шығарғаны үшін бір миллион теңге көлемінде пара алды" деп күдікке ілінген.

"Бұл факт бойынша ҰҚК Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 366-бабы "Пара алу" бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Басқа ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жариялауға жатпайды", – деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2024 жылдың желтоқсанның аяғында ҰҚК қызметкерлері Маңғыстау облысында есірткі сатумен айналысқан үш қазақстандықты ұстаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная