1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

ҰҚК Маңғыстау облысында әскери техника неге жүргенін түсіндірді

21 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Маңғыстау облысы аумағында әскери техника жүретінін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

© ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

21 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Маңғыстау облысы аумағында әскери техника жүретінін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысының аумағында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Терроризмге қарсы орталығының бастамасымен өткізілетін "Каспий - Антитеррор-2021" бірлескен терроризмге қарсы оқу-жаттығуы шеңберінде Шекара қызметі өз бөлімшелерін қайта топтастырып жатыр. Техника легінің қозғалысын әскери полиция алып жүреді. 

Жоспарлы оқу-жаттығулар екі кезеңде өтеді және 2021 жылдың 2 қыркүйегіне дейін жалғасады.

"Оқу-жаттығудың мақсаты - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағында терроризм актілерін дайындау белгілерін анықтау және жолын кесу кезінде күштер мен құралдарды кешенді қолдануды бірлесіп пысықтау", - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!