22 ақпан 2024 | 10:15

ҰҚК мемлекеттік қызмет көрсету сайтына шабуыл жасаған хакерді ұстады

Фото: ҰҚК

Қарағанды ​​тұрғыны электронды мемлекеттік қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды ​​тұрғыны электронды мемлекеттік қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 30 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасады деген күдікті қарағандылықты ұстады.

"Тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынды. Алдын ала бағалауға сәйкес, залалдың сомасы 49 миллион теңгеден асады.

Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная