ҰҚК мен ІІМ арнайы операциясы: үш қалада 20 адам ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
ҰҚК мен ІІМ арнайы операциясы: үш қалада 20 адам ұсталды видео кадры

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, Батыс Қазақстан облысының Прокуратурасының үйлестіруімен Алматы, Орал және Ақсай қалаларында екі қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолын кесу бойынша бір мезгілде арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бопсалау, бұзақылық және тонау күдігімен қылмыстық топтың 20 қатысушысы ұсталған.

"Бірқатар тінту шаралары өткізіліп, нәтижесінде атыс және суық қарулар, сондай-ақ есірткі заттары тәркіленді. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдіктілердің бас пайдалары үшін бейбіт азаматтарды қорқытқандары белгілі болды. Өз кезегінде жапа шеккендер физикалық зорлық-зомбылықтан қауіптеніп, ішкі істер органдарына жүгінбеген", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Аталған топтар бұрын сотталғандар және деструктив діни ағым өкілдерінен құралған.

"Қылмыстық топ мүшелері бір-бірімен текетіресте болғандары және белгілі бір аймақтарда өз әмірлерін жүргізу үшін қару қолдана отырып, қақтығыстарға барғандары белгілі. Іске асырылған шаралар өңірдегі қылмыстық ахуалдың жақсаруына ықпал етеді деп күтіледі", - делінген хабарламада.

Соталды тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама