17 мамыр 2017 | 14:03

ҰҚК мен ІІМ жүргізген арнайы операцияның суреттері мен видеолары пайда болды

© ҰҚК баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі арнайы операцияның фото мен видеоларын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі арнайы операцияның фото мен видеоларын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Реклама
Реклама

2017 жылдың 17 мамырында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ІІМ-мен бірлесіп, Қызылорда облысының аумағында мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және сатуға қатысы бар бірнеше қылмыстық топ әрекетінің жолын кесу бойынша ауқымды арнайы операция бастады.

"Қызылорда, Тараз және Шымкент қалаларында ведомствоаралық жедел-тергеу топтарының мүшелері бір мезгілде 8 қатысты адамды ұстады, олардың тұрғылықты жерлері бойынша және оларға үлестес кәсіпорындарда, оның ішінде "КАИС-сервис" ЖШС-да (Қызылорда қаласы, асфальт өндіру зауыты және мұнай құю терминалы), "Қарамай Ойл" ЖШС (Тараз қаласы, мұнай құю терминалы) 21 тінту іс-шарасын жүргізді", - деді баспасөз қызметіндегілер.

"Қылмыстық мұнай бизнесін қолдаушылар қатарынан ҚР БП ІҚБ өкілдерімен бірге Қызылорда көлік прокуроры Нұрлан Серікбаев ұсталды", - деді ҰҚК баспасөз қызметіндегілер.


© ҰҚК баспасөз қызметі


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная