ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 ақпан 2024 12:39
ҰҚК, полиция және прокуратура Шымкентте және 6 облыста жедел операция жүргізіп жатыр
Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен және Бас прокуратурамен бірлесе отырып, деструктив діни ағымды ұстанушылардың жолын кесу бойынша операцияны бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл операция биыл 17 ақпанда басталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында құрамында деструктивті діни ағымды ұстанушылар бар қылмыстық топтардың іс-қимылының жолын кесу бойынша операцияны бастады.
Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері жақын күнде жарияланады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу