ПОДЕЛИТЬСЯ
25 сәуір 2020 | 13:53
ҰҚК Ресейге жеке қорғаныс заттарын заңсыз шығармақ болғандар туралы айтты
ҰҚК-нің Шекара қызметкерлері жалпы сомасы жарты миллиард теңге болатын медициналық маскалар мен қолғаптарды заңсыз шетелге шығару әрекетінің алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2020 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ресейге медициналық жеке қорғаныс заттарын шығарудың 13 жағдайының алдын алды (медициналық маска – 4 585 570 дана, қолғап – 3 900 000 дана, қорғаныс көзілдірігі – 480 дана). Тәркіленген заттардың болжамды сомасы 500 миллионнан астам теңге", - делінген хабарламада.
Ұйымдастырушылар қорғаныс заттарын заңсыз шығару үшін халық тұтынатын тауарлар жүгінің арасына жасырған.
ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері Қазақстаннан жеке қорғаныс заттарын заңсыз шығарудың жолын кесу мақсатында өткізу пункттерінде бақылауды күшейтуді қолға алды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также