ҰҚК Шекара қызметі жүргізушілерге ескерту жасады

ҰҚК Шекара қызметі жүргізушілерге ескерту жасады Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Сырым" БӨП-інде көлік қозғалысы шектелуі ықтимал. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі мәліметінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сырым" БӨП-інде көлік қозғалысы шектелуі ықтимал. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі мәліметінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰҚК Шекара қызметі 29 шілде мен 3 тамыз аралығында Қазақстан – Ресей шекарасындағы "Сырым" өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлайды.

"Көрсетілген кезеңде шектес аумақтағы "Маштаково" БӨП-інің инспекциялық-тексеру аймағында жол төсемін жөндеу жоспарланған. Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ. Осы мән-жайларды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама