ПОДЕЛИТЬСЯ
25 маусым 2022 | 13:15
ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы екі айға қамауға алынды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары - Қазақстан шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары - Қазақстан шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 24 маусымдағы қаулысына сәйкес, күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды", - деді соттың баспасөз қызметіндегілер. Сот өкілдері Ділманов екі айға дейін қамауға алынғанын айтты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшыларын ұстады.
"2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану дерегі бойынша жүргізіп жатқан соталды тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов, Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті "Нұр Жолы" шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н. Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также