ҰҚК шекараның жабылуына қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
ҰҚК шекараның жабылуына қатысты пікір білдірді

ҰҚК Шекара қызметі Ресеймен шекараның жабылуы туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК Шекара қызметі Ресеймен шекараның жабылуы туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақ-ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің жабылуы туралы ақпарат таралып жатыр. Қазақстандық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халықаралық келісімдеріне сәйкес іске асырылып жатыр.

Жарнама
Жарнама

"Ресейлік тараптан өткізу пункттерінің жабылуы туралы ресми ақпарат түскен жоқ", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама