ҰҚК: Шымкент тұрғыны адамдарды өлтіруге шақырған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Шымкент соты 2025 жылғы мамырда осы мегаполис тұрғынын терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент соты 2025 жылғы мамырда осы мегаполис тұрғынын терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК тергеген қылмыстық іс аясында ол айналасындағыларды адамдарды өлтіруге шақырып, діни негізде зорлық-зомбылықты ақтағаны анықталды.

"Бұдан бөлек, маусымда ҰҚК материалдарына сәйкес, сондай-ақ Атырау және Ақтөбе облыстары соттарының шешімдерімен діндарлар арасында терроризмді насихаттағаны үшін еліміздің екі азаматы тиісінше 7 және 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, фигуранттар жалпы қылмыстары мен террористік белсенді аймақтарға шығуға әрекеті үшін соттылығы болған. Аталған адамдарға қатысты үкім заңды күшіне енді.

Жалпы биылғы жылдың басынан ҰҚК тергеген қылмыстық істер бойынша 52 адам, оның ішінде 2 шетелдік азамат террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Тағы 52 адамға қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама