ҰҚК СҚО-да судьяның ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

Петропавл №2 соты. Фото:2gis.kz

ҰҚК Петропавлда судьяның ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰҚК Петропавлда судьяның ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін кейбір Telegram-арналар Петропавлдағы №2 сот төрағасының қамауға алынуы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Тергеу шараларын ҰҚК мен Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жүргізді деген ақпарат тарады.

"ҰҚК бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды", - делінген ҰҚК Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама