ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 19 мамыр 2021 13:56
ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Елубаев қайтыс болды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары, отставкадағы генерал-майор Бауыржан Елубаев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бауыржан Елубаев - ҰҚК құрметті қызметкері, құрметті шекарашы, саяси ғылымдарының докторы, профессор. II дәрежелі "Даңқ" орденімен, Кеңес Одағы мен Қазақстан Республикасының медальдарымен, грамоталармен, құрметті атақтармен, мемлекеттік және Ұлттық қауіпсіздік, сондай-ақ ТМД органдарының төс белгілерімен марапатталған. Сонымен қатар, Білім министрлігі "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін", "Атом саласының еңбек сіңірген қызметкері (III дәреже)" белгісімен, Сыртқы істер министрлігінің грамоталарымен марапатталған. Нұр-Сұлтандағы "Генералдар кеңесі" РҚБ өкілдігін басқарған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу