ПОДЕЛИТЬСЯ
23 мамыр 2022 | 16:31
ҰҚК төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры тағайындалды
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Ерғалиұлы Алдажұманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Ерлан Ерғалиұлы Алдажұманов - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жоғарғы қолбасшылығының өкілі, генерал-майор. 1966 жылы Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында дүниеге келген.
Ф.Э. Дзержинский атындағы Жоғары шекара командалық училищесін бітірген (1987).
Шекара заставасы бастығының орынбасары, өңірлік басқарма бастығының орынбасары, өңірлік басқарма шекаралық бөлімшелері қолбасшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бас штабы бастығы - директордың бірінші орынбасары лауазымдарында офицерлік қызмет атқарған. Орден және медальдармен марапатталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также