Үкімет 128 салық жеңілдігін алып тастауды ұсынды

Үкімет 128 салық жеңілдігін алып тастауды ұсынды Серік Жұманғарин. Фото:primeminister.kz

Вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет 1,3 триллион теңгеден аса сомаға 128 салық жеңілдігін алып тастауды ұсынып отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет 1,3 триллион теңгеден аса сомаға 128 салық жеңілдігін алып тастауды ұсынып отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы вице-премьер Мәжіліс отырысында бірінші оқылымда жаңа Салық кодексі жобасын талқылау барысында мәлімдеді.

"Бұл мәселеде неғұрлым ашық жүйе құрылады және салық жеңілдігін беру, ұзарту және қысқарту шарттары белгіленеді", - деді Жұманғарин.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Үкімет ҚҚС 16 пайыз болады деп күтеді (қазір 12 пайыз - еск.). ҚҚС бойынша шекті 40 миллион теңге мөлшерінде анықтау ұсынылып отыр.

Салық жеңілдіктері - мемлекет салық төлеушілердің белгілі бір санаттарына беретін салықтан толық немесе ішінара босату.

Мысалы Қазақстанда мұндай жеңілдіктер ауыл шаруашылығы өндірушілері мен кооперативтері үшін қолданылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама