ПОДЕЛИТЬСЯ
08 желтоқсан 2023 | 09:31
Үкімет "АрселорМиттал Теміртауға" қатысты мәлімдеме жасайды
Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Таңертең Үкіметтің баспасөз қызметі индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баспасөз мәслихаты туралы хабарлама таратты. Брифинг сағат 12:00-де басталады деп жоспарланған. Тақырып "АрселорМиттал Теміртау" деп көрсетілген.
Айта кетейік, 30 қарашада Индустрия және құрылыс министрлігі Қазақстан үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы келісімнің соңғы кезеңіне жақындап қалғанын хабарлаған болатын. Бұл шараның маңыздылығын ескере отырып, министрлік мәміле аяқталғаннан кейін дереу брифинг өткізуге уәде берді.
Tengrinews.kz ақпарат көздерінің мәліметінше, үкімет пен ArcelorMittal арасындағы келісім толығымен аяқталып, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының акциялары Қазақстанға берілген. Үкімет бүгін кәсіпорынға 3 миллиард долларға жуық инвестиция салуы тиіс отандық инвестордың есімін жариялауы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также