ПОДЕЛИТЬСЯ
11 наурыз 2023 | 10:25
Үкімет басшысы алматылықтардың жалақысы туралы айтты
Премьер-министр Әлихан Смайылов алматылықтардың жалақысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Премьер-министр Әлихан Смайылов алматылықтардың жалақысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Премьер-министр Әлихан Смайылов Алматыға жұмыс сапары барысында қаланы одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Премьер-министр жалақының өсу қарқыны бойынша Алматы соңғы 10 жылда республикалық орташа деңгейден төмен болып келгенін, осыған байланысты бұл тенденцияны өзгерту керек екенін атап өтті.
"Алматылықтардың нақты ақшалай кірістерінің жыл сайынғы өсуін қамтамасыз ету қажет. Бұл – кешенді жұмыс. Ең алдымен, жалақысы жоғары жаңа жұмыс орындарын құруға және инвестициялар тартудың жоғары қарқынын сақтап қалуға көңіл бөлу керек", - деді Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, халықтың табысын арттыру жұмыстары инфляцияны тежеу шараларын жүзеге асырумен тікелей байланысты. Сондықтан жергілікті алып-сатарлардың әрекеті тек қалада ғана емес, бүкіл республика бойынша азық-түлік пен басқа да тауарлардың құнына әсер ететіндіктен, базарлардағы, оның ішінде "Алтын Ордадағы" баға белгілеуді жіті қадағалау қажет.
Сонымен қатар, премьер-министр бәсекелестікті дамыту үшін Алматы агломерациясының шығыс және солтүстік бөліктерінде қосымша сауда алаңдарын құру мәселесін пысықтау, сондай-ақ делдалдық схемаларды анықтау бойынша өңірлік комиссияның тиімді жұмысын қамтамасыз ету қажеттігін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также