Үкімет басшысы танымал журналист Батыр Қазыбаевтың отбасына көңіл айтты

Батыр Қазыбаев

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов танымал журналист Батыр Қазыбаевтың отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов танымал журналист Батыр Қазыбаевтың отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Отандық журналистиканың дамуына зор үлес қосқан танымал тұлға Батыр Кәкімжанұлы Қазыбаевтың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы, туған-туыстары мен әріптестеріне ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

Асыл азаматтың ақжарқын бейнесі еліміздің ақпарат саласындағы аса талантты медиа-менеджер ретінде қалдырған өшпес мұралары мен еңбектері арқылы есімізде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат болсын!", - деді Әлихан Смайылов.

Еске салайық, Tengrinews.kz негізін қалаушы және Alash Media Group холдингінің басшысы Батыр Қазыбаев ұзақ аурудан кейін қайтыс болды. Ол 53 жаста еді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама