ПОДЕЛИТЬСЯ
02 маусым 2021 | 11:33
Үкімет функцияларының бір бөлігін министрліктерге беру ұсынылды
Мәжіліс бірінші оқылымда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша түзетулер жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжіліс бірінші оқылымда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша түзетулер жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Заң жобасында жекелеген функцияларды үкіметтен орталық мемлекеттік органдарға, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардан жергілікті атқарушы органдарға беру көзделеді және 55 заңнамалық актіге, оның ішінде бес кодекске және 50 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды.
Бейінді комитеттің қорытындысында орталық мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру және қойылған мақсаттар мен міндеттерді уақтылы орындауы үшін заң жобасында үкіметтен мыналарды беру көзделетіні жазылған:
- мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есепті жасау және ұсыну тәртібін белгілеу жөніндегі өкілеттік;
- азаматтық қорғау саласында өрт қауіпсіздігі қағидаларын, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін құтқарушыларды аттестаттау тәртібін бекіту жөніндегі функциялар;
- су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласында республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын басқаруды ұйымдастыру жөніндегі құзыреттер;
- автомобиль жолдары жөніндегі мемлекеттік органға автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін белгілеу жөніндегі функциялар;
- геодезия және картография саласында аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі өкілеттік;
- халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті органдардың қызметін салааралық үйлестіру жөніндегі құзыреттер.
"Мысалы, орталық мемлекеттік органдарға аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге тіркеу, есепке алу және рұқсат беру қағидаларын бекіту; ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту; авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін құтқарушыларды аттестаттау тәртібін айқындау жөніндегі функциялар беріледі.
Ал жергілікті атқарушы органдарға берілетін функциялардың қатарында облыстық ономастика комиссиялары мен республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының қызметін үйлестіру; кіреберістерде жол ақпараттық белгілерін орнату бар", - деді Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков палатаның жалпы отырысында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также