ПОДЕЛИТЬСЯ
14 ақпан 2023 | 13:03
Үкімет Орал әуежайының сатылуына қатысты қауесетке пікір білдірді
Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Орал әуежайының сатылуы туралы қауесетке пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Орал әуежайының сатылуы туралы қауесетке пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет кулуарында журналистер вице-премьер Ерұлан Жамаубаевтан Орал әуежайының жай-күйін сұрады. Ол нысан сенімгерлік басқаруда болған деп жауап берді.
"Бүгін толығырақ ақпарат береміз, мен Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне нақтылауды тапсырдым. Себебі, әуежайдың белгілі бір бөлігі жергілікті атқарушы орган мен "Ақ Жайық" ӘКК-ге тиесілі. Яғни, ол республикалық меншікте емес. Республикалық меншікте, менің білуімше, тек ұшу-қону жолағы ғана бар", - деп түсіндірді Жамаубаев.
Оның айтуынша, Қазақстанның стратегиялық нысандарына бейрезиден иелік етпейді. Ал Орал әуежайы сенімгерлік басқаруда.
Сондай-ақ, премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов әуежайдың сатылуына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Оралдағы ұшу-қону жолағы бюджет қаражаты есебінен жөнделген.
"Одан кейін олар күрделі жөндеу, тіпті әуежай терминалының жаңа құрылысын салу мәселесін қолға алды. Мұның бәрі мемлекеттің қолдауымен жасалды. Ал сіздердің қазір қойып отырғаныңыз мен үшін жаңа сұрақ. Бұл мәселені қадағаламаймын, мәселені әкімдікпен талқылау керек.
Бұл мемлекет жөндеген стратегиялық нысандар, ол мемлекетке тиесілі деп есептеймін. Бірақ проблемалар болды, бұл нысан және ұшу-қону жолағы. Ал терминал жеке меншікте болды. Бірақ бұл жеке инвесторды мүлде инвестор деп атауға болмайды. Жеке меншік иесі, ол ұшу-қону жолағын да, терминалды да жөндеуге бір тиын салған жоқ, барлығын мемлекет жасады", - деп жауап берді Көлгінов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также