Үкімет резервінен 1,8 миллиард теңге бөлінді: ол қайда жұмсалады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Үкімет Жезқазғандағы су мәселелерін шешуге 1,8 миллиард теңге бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет Жезқазғандағы су мәселелерін шешуге 1,8 миллиард теңге бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаражат Президенттің халықтың өмір сүру сапасын арттыру және ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауды аяқтауға бағытталған.

Жұмыс істеп тұрған кешен 1966 жылы пайдалануға берілген, жабдықтың тозуы 90 пайызға жетті.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта нысанда ұзындығы 4 шақырым инженерлік желілер (кәріз, жылумен жабдықтау, жарықтандыру) тартылып, трансформаторлық қосалқы стансалар мен тарату құрылғылары салынды. Сүзілген және ауыз суға арналған 4 резервуар реконструкцияланды және пайдалануға берілді, сорғы жабдығы жаңартылды", - делінген хабарламада.

Үкімет резервінен бөлінген қаражат нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, 2026 жылы жоспарлы пайдалануға мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама