ПОДЕЛИТЬСЯ
12 маусым 2024 | 09:32
Үкімет резервтен 9 миллиард теңге бөлді: ол қайда жұмсалады?
ҚР Үкіметі Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында жылу желілерін салуға және реконструкциялауға 9 миллиард теңге бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР Үкіметі Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында жылу желілерін салуға және реконструкциялауға 9 миллиард теңге бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкіметтің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл қалалардағы желілердің орташа тозу көрсеткіші 59-90 пайыз аралығында.
Мемлекет басшысының тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды кешенді жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында жылу желілерін салуға және реконструкциялауға Үкімет резервінен 9 миллиард теңге бөлу туралы қаулыға қол қойған.
Осылайша, Павлодарда (3,6 миллиард теңге) ұзындығы 2,5 шақырым болатын ТМ-13 жылу магистралі салынады. Бұл 41,5 мың адам тұратын Павлов - Шевченко - Катаев көшелері орналасқан аудандағы көппәтерлі тұрғын үйлерді тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Екібастұзда жалпы ұзындығы шамамен 4 шақырым (3,6 миллиард теңге) болатын ТМ-1 және ТМ-3 жылу магистральдарының учаскелері реконструкцияланады. Осы жұмыстың арқасында жаңа тұрғын үйлерді, әлеуметтік мекемелерді, шағын және орта бизнес нысандарын қосу көзделген. Бұл 2 мыңнан астам адамды қамтиды.
Қалған 1,8 миллирад теңге Ақсудағы №3,5 және 8 ықшамаудандарда орналасқан, ұзындығы 4,3 шақырым болатын орамішілік жылу желілерін қайта жаңартуға аударылады. Соңғы 2 жылда аталған учаскелерде 40-тан астам ақау тіркелген. Реконструкция жұмысы 1,5 мыңнан астам жергілікті тұрғынды сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также