03 ақпан 2022 | 11:21

Үкімет ұлттық режимнен шығару туралы қаулы қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Үкімет "Ұлттық режимнен шығаруды белгілеудің кейбір мәселелері туралы" қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үкімет "Ұлттық режимнен шығаруды белгілеудің кейбір мәселелері туралы" қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжат қолданыстағы өндірістік қуаттарды жүктеуді, жұмыс орындарын сақтауды қамтамасыз етеді және тұтастай алғанда отандық жеңіл, жиһаз және машина жасау өнеркәсібін одан ары дамытуға ынталандырады деп күтіледі.

Мемлекеттік сатып алудың ұлттық режимінен босату екі жыл бойы әрекет етеді.

Реклама
Реклама

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай анықтамалығына сәйкес кодтары бар жиһаз және жеңіл өнеркәсіп тауарларының тізбесін ұсынған.

Мемлекеттік сатып алудағы ұлттық режимнен шығару – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің үкіметі актісімен белгіленетін, басқа мүше мемлекеттердің әлеуетті өнім берушілердің (мердігерлер, бірлесіп орындаушылар) мемлекеттік сатып алуға қатысуға қолжетімділігін шектейтін белгілі бір тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) немесе экономиканың жекелеген салаларында жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуларға қолжетімділікті шектеуге қатысты рәсімдер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная