Үкіметте жаңа министр ант қабылдады

видео кадры

4 наурызда Үкімет отырысында жаңа өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ант берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4 наурызда Үкімет отырысында жаңа өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ант берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан халқы мен Президенті алдында бар күш-жігерім мен білімімді Отанымның өркендеуіне арнауға, Конституция мен мемлекеттің заңдарын қатаң сақтауға. Барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім қағидаттарын ұстанануға. Қазақстан халқына адал қызмет етіп, мемлекеттілікті және елімнің әлемдік қауымдастықтағы беделін нығайтуға салтанатты түрде ант етемін", – деп ант мәтінін оқыды жаңа министр Ерсайын Нағаспаев.

Ант қабылдағаннан кейін премьер-министр Олжас Бектенов жаңа министрге жұмысына сәттілік тіледі.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, Ерсайын Нағаспаев 28 ақпанда өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама