Үкіметте жұмысшыларға арналған жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттары түсіндірілді

comments icon 0
Midjourney Midjourney

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков техникалық мамандарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы – "Наурыз жұмыскер" шарттары қайта қаралатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков техникалық мамандарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы – "Наурыз жұмыскер" шарттары қайта қаралатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтегі брифинг барысында журналистер Жүнісбековтен жаңа ипотекалық бағдарламаның бұрыннан белгілі "Наурыз" тұрғын үй ипотекасынан қандай айырмашылығы бар екенін сұрады.

"Аталған бағдарлама қолданыстағы "Наурыз" бағдарламасына сәйкес келеді. Сонымен қатар, бұл бағдарлама қазіргі таңда тапшылық болып отырған белгілі бір мамандықтарды қамтиды. Оның үстіне шарттар әлдеқайда жеңіл болады, дәл қазір механизм қайта қаралып жатыр", – деді ол.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, бастапқы жарна сомасын төмендету мәселесі талқылануда.

"Қазір бастапқы жарна мен несиені ұсыну мерзімі қарастырылып жатыр. Бастапқы жарнаны төмендету мүмкіндігі талқыланып жатыр. Әрине, бұл тұрғын үйдің қарапайым немесе толық әрлеуде болуына байланысты өзгереді... Осы шарттар бекітілгеннен кейін міндетті түрде жариялаймыз", – деп түсіндірді Жүнісбеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная