Үкіметте қазақстандық компания АҚШ-тың санкциясына ұшырағанын растады

Фото:depositphotos.com

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин қазақстандық "КБР-Технологии" компаниясының америкалық санкцияға ұшырауы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин қазақстандық "КБР-Технологии" компаниясының америкалық санкцияға ұшырауы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"КБР-Технологии" компаниясы америкалық санкцияға ұшырады: ол ресейлік әскери мердігерге жүк жеткізген деген болжам бар. Бұл туралы не айта аласыз?" - деп сұрады журналистер вице-премьерден Сенат кулуарында.

Жұманғарин бұл компанияның санкциялар тізіміне енгенін растады.

Реклама
Реклама

"Бірақ, Мемлекеттік кірістер комитеті мен Өнеркәсіп министрлігінің мәліметтері бойынша, бұл компания экспорт-импорт лицензиясына жүгінбеген. Бізде елуге жуық басым тауарлардың тізімі бар, олар бойынша компанияның субъектіге бағытталған профилін жасаймыз. Бұл санаттағы тауарларды Қазақстаннан әкелмеген немесе экспорттамағандықтан, оған бағытталған профиль құрастырылмаған. Қазір анықтап жатырмыз", - деп жауап берді шенеунік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама