28 маусым 2022 | 10:47

"Үкіметте мәселе талқыланбады" - вице-премьер зейнет жасын төмендету туралы

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкіметте зейнетақы жасын төмендету мәселесі талқыланбағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкіметте зейнетақы жасын төмендету мәселесі талқыланбағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тағы да айтамын, Үкіметте бұл мәселе талқыланбады. Заң бар, біз бұл заңды орындаймыз. Жыл сайын зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен 2,2 триллион теңге бөлінеді. Кез келген өзгеріс терең есептеулер мен тақырыптық талқылауды қажет етеді. Ұсыныс болған жоқ. Талқылау болған жоқ, заң бар. Құдайға шүкір, ұлтымыз жас. Еңбек министрлігінде көптеген жақсы бағдарлама бар, соның ішінде "Күміс жасы". Бұл бағдарламаларға белгілі бір қаражат бөлінеді, сондықтан әзірше қолданыстағы бағдарламалар бойынша жұмыс істеп жатырмыз және қолданыстағы заңдар бойынша өмір сүреміз", - деді Жамаубаев Үкімет ғимаратында журналистердің сұрағына жауапта.

Бұған дейін Қазақстанда зейнетке шығу жасын төмендету мәселесін талқылау жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.

Реклама
Реклама

Қазақстан заңнамасына сәйкес, ер адамдар зейнетке 63 жаста, әйелдер қазіргі уақытта 60,5 жаста шығады, одан әрі 2027 жылы 63 жасқа дейін біртіндеп көтеріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная