12 тамыз 2021 | 16:14

Үкіметте спортқа бөлінген қаражатты қатаң бақылау тапсырылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде бұқаралық және балалар спортын дамыту бойынша қазіргі проблемалар мен перспективалар жөнінде арнайы кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде бұқаралық және балалар спортын дамыту бойынша қазіргі проблемалар мен перспективалар жөнінде арнайы кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеңеске мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, салалық министрлік, өңір әкімдігі басшылары және т. б. қатысты.

Енді бұқаралық және балалар спортын дамыту мәселелері Үкіметтің ерекше бақылауында болады.

Реклама
Реклама

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес спорт саласы одан әрі реформалауды талап етеді. Осыған байланысты премьер-министрдің орынбасары мемлекеттік органдардың алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды.

  • бұқаралық және балалар спортымен айналысудың қолжетімділігін арттыру;
  • спорт нысандарын материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру;
  • "Nur Otan" партиясының мамандандырылған спорт мектептері оқытушыларының жалақысын 2023 жылға дейін екі есе арттыру, 2025 жылға дейін әрбір ауылдық округті спорт нұсқаушысымен қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы іс-шараларының орындалуын ерекше бақылауға алу;
  • үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, кәсіби спортшыларды, оның ішінде ұлттық құрама командаларын даярлау тәсілдерін қайта қарау және бұқаралық, кәсіби спорт үшін спорт мамандарының (спорт психологтары, биомеханиктер, биохимиктер, диетологтар және т. б.) тапшылығы мәселесін шешу бойынша арнайы бағдарлама әзірлеу;
  • спортқа бағытталатын бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттың тиімді жұмсалуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету;
  • сала алдында тұрған жаңа міндеттерді ескере отырып, 2025 жылға дейінгі дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі қабылданған кешенді жоспарды қайта қарау;
  • Мәдениет және спорт министрлігінің елде бұқаралық және балалар спортын дамыту бөлігіндегі өкілеттіктерін кеңейтетін заңнамалық түзетулерді қабылдауды қамтамасыз ету", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная