23 қараша 2020 | 11:52

Үкіметтегілер украиналық министрлердің "жалған ПТР-анықтамалары" туралы мәліметке жауап берді

Премьер-министр Асқар Маминнің баспасөз қызметі Украина делегациясы Қазақстанға уақыты өткен ПТР-анықтамамен келді деген мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Асқар Маминнің баспасөз қызметі Украина делегациясы Қазақстанға уақыты өткен ПТР-анықтамамен келді деген мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұның алдында БАҚ-та Украинаның үкіметтік делегациясының мүшелері - инфрақұрылым министрі Владислав Криклий мен елші Петр Врублевский Қазақстанға коронавирус туралы жалған анықтамалармен келгені хабарланған еді.

Реклама
Реклама

Үкіметтегілердің мәліметінше, кездесу аясында Владислав Криклий премьер-министр Асқар Маминмен кездесуі керек болған. Алайда кездесу өтпеген.

"Украина делегациясы мүшелерінің ПТР-анықтамаларының жарамдылық мерзімінің өтуіне (бес күннен аса) байланысты ҚР премьер-министрі Асқар Мамин мен Владислав Криклий кездескен жоқ.

Коронавирус инфекциясы пандемиясы жағдайында кездесуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар санитарлық ережелер мен шарттарды сақтау, оның ішінде ПТР әдісімен COVID-19-ға тексеру туралы анықтаманың болуы шарт", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная