ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қазан 2022 | 11:19
Украинада 200-ге жуық Қазақстан азаматы қалды - Тілеуберді
Елшіліктің мәліметінше, Украина аумағында 200-ге жуық Қазақстан азаматы бар. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елшіліктің мәліметінше, Украина аумағында 200-ге жуық Қазақстан азаматы бар. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Осындай жағдайда ақпарат жинау өте қиын. 600-800 азамат тіркелген кезде басқаша. Ал қазір соғыс қимылдары жүріп жатқанда және көптеген азаматтар Украинадан өз бетімен кетіп бара жатқанда, бұл өте қиын. Елшілік мәліметінше, Украина аумағында 200 Қазақстан азаматы болуы мүмкін", - деді Тілеуберді Сенат отырысында.
Ол біздің азаматтардың негізгі бөлігі Украинадан шығып кеткенін түсіндірді. Польша және Молдовамен шекаралар эвакуация үшін ашық.
"Біздің елшілік шекарадан өткен кезде көмек көрсетеді. Елшілік толық эвакуациялай алмайды. Біріншіден, Украинадағы қазіргі жағдайда біз дипломатиялық қызметкерлеріміздің өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіре алмаймыз. Дипломаттардың көпшілігі қазір Варшаваға (Польша. - Ескерту) қайта орналастырылды. Олар өз қызметін сол жерден жүргізеді", - деді Тілеуберді.
Ол Киевте Қазақстанның консулы қалғанын, ол қазір Украинада жүрген азаматтарымызды күнделікті қабылдайтынын түсіндірді.
"Ол жерде көптеген адамдар көмек сұрап барады. Толық эвакуациялау немесе елшілікті уақытша жабу туралы айтуға негіз жоқ", - деді министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также