Украинада қазақстандықтар үшін сайлау учаскесі ашылмайды

Дина Шарипханова Корреспондент
Украинада қазақстандықтар үшін сайлау учаскесі ашылмайды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Украинадағы қазақстандықтар үшін сайлау учаскесі ашылмайды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Украинадағы қазақстандықтар үшін сайлау учаскесі ашылмайды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Украинадағы жағдайға байланысты бұл жолы сайлау учаскесін ашпадық. Сондықтан, олар қаласа көрші елдерге – Молдоваға немесе Польшаға барып, сол жерде дауыс бере алады. Бірақ ол үшін елшіліктерді алдын ала хабардар ету керек. Оларға бірқатар бюллетень дайындалды", - деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, өткен президенттік сайлауда шетелде жүрген кейбір қазақстандықтарға бюллетень жетпей қалған.

Жарнама
Жарнама

20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама