Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды Фото: facebook.com/KazEmbassyUkr

Қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау аяқталды. Бұл туралы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау аяқталды. Бұл туралы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Украинадағы елшілігі мәліметінше, 28 наурыздағы жағдай бойынша Катовицеден жеті рейс жасалған.

"Украинадан 900 қазақстандық эвакуацияланды, оның 743-і Қазақстанға қайтты. Қазіргі уақытта азаматтарды ұшақпен эвакуациялау аяқталды. Жабық елді мекендерде қалып қойған және көрсетілген рейстермен Украинадан шыға алмаған азаматтардың өтініші жеке тәртіпте қаралады", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадан эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырған дипломаттарды наградтаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама