25 ақпан 2022 | 17:30

Украинадағы оқиғалар: Қазақстандағы бизнес өкілдеріне үндеу жасалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Украинадағы оқиғаларға байланысты Қазақстандағы бизнес өкілдеріне үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Украинадағы оқиғаларға байланысты Қазақстандағы бизнес өкілдеріне үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көрші елдердегі төтенше жағдайлар кезінде ведомство Қазақстанның негізгі нарықтарындағы жағдайды мұқият қадағалап отыратыны айтылған. Әңгіме әлеуметтік маңызы бар өнімдер, жанар-жағармай, газ, көмір, дәрі-дәрмектер, құрылыс материалдары және басқа да тауарлар бағасының құбылуы туралы болып отыр.

"Агенттік бизнесті дүрлікпеуге және бағалық сөз байласуды белгілеу және қолдау, тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеу, сондай-ақ монополиялық жағдайды теріс пайдалану деректері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 159-бабы бойынша сараланатынын ескертеді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұндай құқық бұзу монополиялық кірісті тәркілей отырып, монополиялық қызмет нәтижесінде алынған кірістің 3 пайызы, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 5 пайыз көлемінде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная