Украинадағы соғысты қолдаған Мәжіліс депутаты Әбілдаев өкілеттігінен айырылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Орталық сайлау комиссиясы Владимир Путинді және Украинадағы соғысты көпшілік алдында қолдаған Азамат Әбілдаевты Мәжіліс депутаты өкілеттігінен айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясы Владимир Путинді және Украинадағы соғысты көпшілік алдында қолдаған Азамат Әбілдаевты Мәжіліс депутаты өкілеттігінен айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі Ұлттық Кеңесінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №1 қаулысының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Азамат Рахатұлы Әбілдаевтың өкілеттіктерінің күші жойылды деп танылсын", - делінген хабарламада.

Еске салайық, кеше, 18 қаңтарда Мәжіліс депутаты "Азаттық" радиосына берген сұхбатында Ресей президенті Путинді қолдайтынын айтқан. Ол сонымен бірге Ресейдің Украинаға басқыншылығын "арнайы операция" деп атаған болатын.

Реклама
Реклама

Ал "Ақ жол" демократиялық партиясының пленумы Украинадағы соғысты ашық қолдаған Азамат Әбілдаевты партиядан шығарған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама