Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды - министрлік

Дина Шарипханова Корреспондент
Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды - министрлік Фото: elements.envato.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) қазақстандық 23 жүк көлігі Украина аумағынан шығып кеткенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) қазақстандық 23 жүк көлігі Украина аумағынан шығып кеткенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"4 наурыздағы жағдай бойынша ИИДМ, ҚР Сыртқы істер министрлігі және үшінші елдердің мемлекеттік органдары көмегімен Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды. Тағы 7 жүк көлігі Польша шекарасында", - деді ҚР ИИДМ баспасөз қызметі өкілдері.

Бұған дейін Украина аумағында 50-ге жуық қазақстандық жүк көлігі болғаны хабарланған болатын. Оларды қайтару үшін тасымалдаушылар тізімі жасалып, Сыртқы істер министрлігіне жіберілген.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама