17 қаңтар 2022 | 09:06

ҰҚШҰ бас хатшысы Қазақстандағы тәртіпсіздіктердің жалғасы болуы мүмкін емес екенін айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© РИА Новости

ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась Қазақстанда енді жаппай тәртіпсіздіктер өршуі екіталай екенін, жағдай бақылауға алынғанына сенімді екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RT-ге сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась Қазақстанда енді жаппай тәртіпсіздіктер өршуі екіталай екенін, жағдай бақылауға алынғанына сенімді екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RT-ге сілтеме жасай отырып.

"Қандай да бір кек алу әрекеті немесе жаңа толқу туралы айта алмас едім. Бұл мүмкін емес екеніне сенімдімін. Өйткені, біріншіден, жағдай бақылауға алынды. Екіншіден, қазір бүкіл оқиғаны, барлық қатысушыны анықтау бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шаралар қабылданады. Әрине, осы жағдайдан барлығы - қазақ халқы ғана емес, ел басшылығы да өзінше қорытынды жасады", - деді ол RT-ге берген сұхбатында.

Сондай-ақ, Станислав Зась ҰҚШҰ бітімгерлерінің Қазақстандағы міндеттерін орындағанын бағалап, ұйымның қызметіне қайта өзгеріс енгізудің қажеті жоқ екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Әрине, бұл - (ҰҚШҰ күштерінің Қазақстандағы жағдайды реттеуге қатысуы - ред.) бәріміз үшін сабақ. Біраз уақыттан кейін тыныш жағдайда осы оқиғаны талдаймыз, өзіміз үшін қорытынды жасаймыз және қажет болған жағдайда түзетулер енгіземіз... Тағы бір мәселе, жұмысымызды қайта реттеудің қажеті жоқ екенін көріп отырмыз. Себебі ҰҚШҰ-да жасалған механизмдер, жүйелер нақты әрі жақсы жұмыс істеді", - деді ол RT-ге берген сұхбатында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная