ҰҚШҰ Бас хатшысы Қазақстанға сапармен келеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
ҰҚШҰ Бас хатшысы Қазақстанға сапармен келеді

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Станислав Зась Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді. Бұл туралы жексенбі, 9 қазанда ұйымның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сапар барысында елдің жоғары саяси және әскери басшылығымен кездесулер жоспарланған", - делінген хабарламада.

Бұған дейін ҰҚШҰ Бас хатшысы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесу өткізген болатын. Кездесуде Станислав Зась ҰҚШҰ-ның қырғыз-тәжік шекарасындағы дағдарысты жағдайды реттеуге көмектесуге дайын екенін білдірген.

Жарнама
Жарнама

7 қазанда Қазақстанда ҰҚШҰ-ның "Взаимодействие-2022", "Поиск-2022" және "Эшелон-2022" оқу-жаттығулары аяқталды. Жаттығулардың бір кезеңі Жамбыл облысында өткені белгілі болды.

Ал Қырғызстанның Қорғаныс министрлігі қазанда жоспарлаған ҰҚШҰ-ның "Нерушимое братство-2022" оқу-жаттығуларынан бас тартты. Бұл шешімнің себебі көрсетілмеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама